Біздің өнімдер

Стоматологиялық жылжымалы әмбебап КАРСт-У Стомкар-У рентгендік кешені

Кешен ауылдық жерлерге, баруы қиын, алыс аудандар жағдайында, сондай ақ кәсіпорындар мен ұйымдарға шығып, қалалар мен елді мекендерде емделушілерді тексеруге және емдеуге арналған.

Тапсырыс беру
Сипаттамасы
Сипаттамалары

Стоматолог-дәрігерлердің жалпы мойындауы бойынша, Стомкар-У – бұл диагностикалық және емдік процедуралардың жеткілікті тізімін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін толық функционалды жылжымалы стоматологиялық клиника.

 

Кешен қызметкердің жайлы жағдайы қамтылған және компьютерлік радиовизиография жүйесі бар дентальды (немесе үлдірлі) рентгендік аппаратпен, стоматологиялық кресломен және стоматологиялық құралдар жинағымен жабдықталған көлік құралының шассиіне орнатылататын шанақ-фургон болып табылады.

 

Жекелеген келісім-шарттар бойынша кешенді көлік құралынсыз және шанақ-фургонсыз немесе шанақ-фургонға орнатып, көлік құралынсыз жеткізуге болады.

Орнатылатын рентгендік дентальды аппарат рентген үлдірлерімен де, компьютерлік радиографияның цифрлық жүйесімен де жұмыс істеуге арналған.

Компьютерлік радиография жүйесі диагностиканың жаңа сапасын қамтамасыз ететін жоғары сапалы цифрлық кескінді алуға кететін уақытты едәуір қысқартады. Бұл жүйе сенсорлық датчиктен, USB кабелінен, сенсорды қосу құрылғысынан, компьютерге қосылу құрылғысынан және программалық қамтамасыз етуден тұрады. Сенсорлық датчик рентген үлдіріне қарағанда 10 есе сезімтал, сондықтан рентген сәулесінің мөлшері 90% азаяды. Датчиктің минималды қалыңдығы оны дентальды қуыстың кез-келген қажетті бөлігінің рентгенографиясын алу үшін оңай орналастыруға мүмкіндік береді.

Стомкар кешені мыналарды қамтамасыз етеді:

— Құрғақ қызумен стерильдеу стерилизаторын қолданып, пайдаланылған стоматологиялық құралды алдын ала стерильдеу;

— Стерильді медициналық құралды УК-бактерицидті камерада (жеті тәулікке дейін) сақтау;

— Суға батырылатын электр сорғыларынан, таза суға және пайдаланылған суға арналған ыдыстардан тұратын дербес сумен жабдықтау жүйесі арқылы суық су беру және су жылытқыштардың көмегімен жылытылған су беру;

— Ультра күлгін бактерицидті қабырғалық сәулелгіштің көмегімен қоршаған ауа ортасын және құрылғылардың бетін зарарсыздандыру;

Тапсырыс берушінің қажеттіліктері бойынша бұл кешен әртүрлі автокөлік шассилерінің базасында: тіркемелердің, т/ж вагондарының, теңіз кемелерінің, шассисіз, жол талғамайтын КАМАЗ көліктерінің (дөңгелегінің формулалары 6×6, 4×4, 4×2), сондай-ақ қала жағдайлары мен орташа жолсыз жағдайлар үшін жұмсақ аспасы бар HYUNDAI шассиінің базасында сатылуы мүмкін. Автокөлік шассиі мен қосымша жабдықтардың кең таңдауы Тапсырыс берушінің қажеттіліктеріне сәйкес келетін оңтайлы конфигурацияны таңдауға мүмкіндік береді.

САПАНЫ СЕРТИФИКАТТАУ
САПАНЫ СЕРТИФИКАТТАУ
Барлық техника Еуроодақтың MDD 93\42 EEC директивасына сай ISO 9001–2008, ISO 13485 стандарттары бойынша сертификатталған.
ЖЕКЕ ӨНДІРІС
ЖЕКЕ ӨНДІРІС
Жұмыстардың толық циклі — идеяның туындауынан және әзірлеуден, өндіруге, жеткізуге және сервиске дейін орындаймыз.
СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Жеке жабдықтарымыздың барлық түрлеріне, сонымен қатар импорттық жабдықтардың кең спектріне кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуді жүзеге асырамыз.

Қоңырауды сұрау