Біздің сервис

«Ақтөберентген» АҚ ең жақсы және сенімді рентгендік диагностикалық жабдықты өндіріп қана қоймай, бірқатар маңызды қызметтерді де ұсынады. Біздің кәсіпорынның ең маңызды қағидаларының бірі: «Үздік жабдыққа — үздік сервис».

Біздің компанияның кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуді жүзеге асыратын өзіндік сервистік қызметі бар. Сервис қызметкерлері елімізде рентген жабдықтарының мониторингі бойынша іс-шараларды үнемі жүргізеді, нәтижесінде сервистік қызмет дер кезінде қызмет көрсету, алдын ала іс-шараларын жүргізу және қажет болған жағдайда республиканың кез келген жеріндегі нысандарға бару үшін әрқашан жаңа және дәл деректерді біліп отырады. Мамандар әрқашан байланыста, әрдайым көмектесуге дайын. Сервистік-техникалық қызмет көрсету, «Ақтөберентген» АҚ-ның сапа менеджменті жүйесі сияқты медициналық техниканың сапасын растаушы халықаралық стандартқа сай халықаралық сапаны бақылау және стандарттау қызметімен сертификатталды.

ҮЗДІК ЖАБДЫҚҚА – ҮЗДІК СЕРВИС

Көптеген тапсырыс берушілер біз әрқашан қасында болғандықтан, біздің өнімдерді таңдайды. Тренингтер мен шетелде оқытудан жиі өтетін біздің мамандарымыз, Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс жасайды және Сізге көмектесуге әрқашан дайын.

Мамандар келесі жұмыс түрлерін жүзеге асырады:
  • монтаждау;
  • іске қосу және жөндеу жұмыстары;
  • жоспарлы техникалық қызмет көрсету;
  • профилактикалық техникалық қызмет көрсету;
  • кепілдік жөндеу;
  • медициналық персоналды нұсқаулықпен таныстыру.
СТҚКБ бастығы

Сапаргалиев Алмас Саматович

E-mail: sapargaliyev.almas@aktubroentgen.kz

СТҚКБ инженері

Нурмагамбетов Данияр Сагинтаевич

E-mail: osto@aktubroentgen.kz

Тел./факс: +7 (7132) 921-236

«Ақтөберентген» АҚ өндірген рентген жабдықтарын монтаждау, іске қосу және жөндеу жұмыстары, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша сервистік инженерлердің Куәліктерін бұрмалаудың жиілеп кеткен жағдайларына байланысты, жыл сайын аттестациядан өтіп, оның қорытындысы бойынша жаңартылған куәліктер алатын, біздің кәсіпорында жыл сайын Қазақстан Республикасының аумағында нақты бөлінген жауапкершілік аймақтары бар «Ақтөберентген» АҚ Сервистік-Техникалық Қызмет Көрсету Бөлімінің сервистік инженерлер штаты бар екендігі туралы хабарлаймыз.

Куәліктері бар мамандар
  • Тумасов Г.В.
  • Пермитин Д.А
  • Королев В.В.
  • Игенбетов А.А.
  • Литвиненко Н.А.
  • Самарский А.С.
  • Головков В.А.
  • Швецов И.И.
  • Сапаргалиев А.С.
  • Ковин И.А.
  • Сандыбаев М.Н.
  • Сандыбаев Р.Ж.
  • Салембаев Н.Е.
  • Сулейменов Д.М.
  • Пономарев Ю.В.
  • Чонтай А.С.
  • Куренько Д.А.
  • Жахин Р.А.
  • Чайка К.В.
  • Плотников Ю.Н.
  • Кужаков М.В.
  • Зайтунов А.К.
  • Берда А.В.
  • Мартынов И.С.
  • Эшанходжаев М.И.
  • Рассохин Г.В.
  • Черемисин К.П.

Рентген аппараттары болып табылатын иондаушы сәулелену көздеріне кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету бойынша жұмыстарды дайындаушы зауытта оқудан өткен, осы жұмыстарды адам денсаулығына зиян келтірместен жүргізетін мамандар жүргізуі тиіс. Біліксіз адамдардың рентген аппаратын жөндеуі және қызмет көрсетуі техниканың толық істен шығуына және оны қалпына келтіру үшін үлкен шығындарға, сонымен қатар оның өте үлкен дозалық жүктемемен жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін, бұл аурухананың барлық персоналы мен келушілерінің сәулеленуіне әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты, «Актюбрентген» АҚ шығаратын рентген аппараттарына қызмет көрсету шартын жасасу кезінде өндіруші берген Сертификаттардың болуына, олардың түпнұсқалығы мен қызмет көрсетуші инженерлермен жарамдылық мерзіміне назар аударуыңызды сұраймыз. Сертификаттардың жарамдылығына күмәнданған жағдайда «Ақтюбрентген» АҚ-на хабарласу арқылы олардың түпнұсқалығын тексеруге болады.

Сондай-ақ, «Ақтюбрентген» АҚ шығаратын медициналық техникаға жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету қажет болса, өндірушіге хабарласуға болатынын хабарлаймыз.

тел.: +7 (7132) 921-230

+7 (7132) 921-236,

+7 (7132) 921-253

e-mail: info@aktubroentgen.kz

2022 жылға сервистік қызмет көрсету бойынша уәкілетті фирмалардың тізімі
  • ИП «Берда»
  • ТОО «Viva-Мастер»
  • ИП «Жахин»
  • ТОО «РемТехСервис-2011»
  • ТОО «Универсал Инжиниринг»
  • ИП «Электрон-Сервис»
  • ИП «ЭлТехМед»
  • ИП «Unimed Engineering»
  • г. Актобе
  • г. Костанай
  • г. Петропавловск
  • г. Атбасар
  • г. Уральск
  • г. Павлодар
  • г. Актобе
  • г. Шымкент
Сервистік қызметке жүгінуге арналған форманы жүктеу