Архимед
Кешен дала жағдайларында жаралыларды және ауруларды, соның ішінде зембілмен тасымалданатын ауруларды және әскери жеке құрамды санитарлық тазалаудан немесе гигиеналық жуудан өткізуге, киім-кешектеріне және төсек орындарына дезинфекция (дезинсекция) жүргізуге арналған. Стандарт радиациялық және химиялық апаттық жағдайларға таратылмайды.
Кешендер ТЖМ, Қорғаныс Министрлігінің, ІСМ Ішкі әскери бөлімшелеріне және стихиялық апаттардың, өнеркәсіп кәсіпорындарындағы апаттардың зардаптарын және басқа төтенше жағдайларды жою бойынша бөлімшелерге арналған.
Кешендер автокөліктердің немесе автотіркемелердің шассиіне орнатылып, өз жүрісімен орналасу жеріне жеткізіледі. Кешендер дала жағдайларында түрлі климаттық аймақтарда жыл бойына қызмет етеді. Олардың көмегімен тек адамдарға гигиеналық жуу ғана емес, сонымен қатар дезинфекция және киімдеріне дезинсекция жүргізіледі. Киімдерді дезинфекциялау бу ауа немесе бу формалин әдісімен, ал дезинсекция бу ауа әдісімен жүргізіледі.
Кешендер бір орында, медициналық құрылымдардың құрамында да, олардан бөлек те ұзақ уақыт жұмыс істейді. Кешендер сенімді, қарапайым және қауіпсіз жұмыс істейді.
Шанақтың габариттік өлшемдері:
– биіктігі, мм, 2550 артық емес
– ені, мм, 2500 артық емес
– ұзындығы, мм, – 6000 артық емес.
Шанақтың салмағы, кг, 3800 артық емес
Тасылатын жүктің салмағы, кг, 2000 артық емес
Кешеннің құрылысы
Кешен жайғастырылған түрінде екі бөлімшеден тұрады:
1) Шанақ-фургонда орналасқан қазандық-энергетикалық бөлімшесінен, оның ішінде:
– мобильді электрлік бу генераторы;
– басқаруы бар дизель-генератор;
– ағынды электрлік су жылытқыш;
– білтелері, бекіту арматурасы және душтық бастиектері бар құбырлар жиынтығы.
2) Санитарлық өткізу бекетіңде орналасқан санитарлық өткізу бөлімшесі. Санитарлық өткізу бекеті пневмокаркас құрылым болып табылады. Санитарлық өткізу бекетінің құрамына кіретін залалсыздандыру камералары мауыт-қағаз және былғары-теріден жасалған киім-кешектерге, төсек орындарға және аяқ киімдерге дезинфекция (дезинсекция) жүргізу үшін душтық-дезинфекциялық қондырғысының (ДДҚ) шешіну бөлімшелеріне кіру алдына екі-екіден орнатылады
Камералар құрылымдары бойынша бірдей және кезекпен жұмыс жасайды.
Камераның көлемдері:
– ұзындығы, мм ……………………………………………… 2000;
– каркас бағандары арасының ені, мм ……………….. 935;
– тұғырықтан төбеге дейінгі биіктік, мм …………………… 1700;
– еденнің ауданы, м² ……………………………………… 1,8;
– көлемі, м² ……………………………………………….. 3.
Сыйымдылығы 5м³ РДВ резеңке-мата резервуар су сақтауға арналған. Жайғастыру кезінде ол қондырғыларға жақын орнатылады және сумен немесе сорғымен сору арқылы көл суымен немесе цистернамен тасып әкелінген сумен толтырылады. Суды резервуардан қазандықтың қорек беру сорғысының сору түтігі арқылы алады. Төмен температура кезінде резервуардағы су қатып қалмауы үшін оны санитарлық талап өңдеу жинағына кіретін жылыту түтігі арқылы бумен қыздырады.