Компания жаңалықтары

16.10.2026

Қазіргі заманға сай медициналық жабдық — Halyk Leasing бірге жаңа мүмкіндіктерге!

«Актюбрентген» акционерлік қоғамы «Даму» қорының қолдауымен жүзеге асырылатын «Өрлеу» бағдарламасы бойынша Halyk Leasing лизингтік қаржыландыруды пайдалану арқылы жеке медициналық ұйымдардың қазіргі заманға сай медициналық бұйымды сатып алу мүмкіндігі туралы хабарлайды.

Бұл жеке клиникалардың медициналық бұйымдарды сатып алу үшін үлкен қаражатты біржолғы жұмсау қажетінсіз медициналық жабдықтарын жаңартуына және жаңа бұйымдармен жабдықтауына жақсы мүмкіндіктер береді.

Медициналық жабдықтарды лизингке алу жаңа мүмкіндіктер береді:

  • Бастапқы қаржылық жүктемені төмендету — жабдықты біржолғы толық төлемсіз сатып алу мүмкіндігі.
  • Қаржылық ыңғайлы жоспарлау — төлемдерді келісілген мерзімге бөліп төлеу.
  • Медициналық мекемелерді модернизациялау — заманауи технологияны пайдалану арқылы диагностикалық жабдықтарды жаңарту.
  • Медициналық қызмет көрсету сапасын жоғарылату — диагностикалық мүмкіндіктерді кеңейту және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру.

«Актюбрентген» АҚ рентген диагностикалық кешендерді, флюорографиялық және маммографиялық аппараттарды, түрлі қолданыстағы мобильді кешендерді қоса, медициналық диагностикалық жабдықтардың кең ассортиментін, сонымен қатар медициналық ұйымдарды жабдықтау үшін басқа да шешімдерді ұсынады.

Біздің мақсатымыз — Қазақстанның жеке денсаулық сақтау мекемелері үшін заманауи медициналық технологияны қолжетімді ету.

Лизингтік қаржыландыру шарттары, өтінім берушіге қойылатын талаптар және сатып алуды келісу шарттары Halyk Leasing жеке айқындалады.

Жабдық туралы және оны сатып алу мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты алу үшін «Актюбрентген» АҚ (+7 7132 921-235 Сату қызметі) мамандарына және Halyk Leasing маманына (Ильясов Толе +7 747 708 99 20) хабарласыңыз.

 

     
Барлық жаңалықтар