Біздің өнімдер

АРРАЗИ жылжымалы бактериологиялық зертханасы

АРРАЗИ кешені дала жағдайында жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын анықтауға арналған. Кешеннің қызметшілері инфекциясының тізбесі кең бактериялық сипаттағы аурулар және су жолымен, алиментарлық, ауа-тамшылы және басқа да жолдармен берілетін аурулар қоздырғыштарының өсірінділерін сәйкестендіруді жүргізуге қабілетті.

Тапсырыс беру
Сипаттамасы
Сипаттамалары

Зертхананың құрамына далалық жағдайда микроағзаларды индикациялауға және сәйкестендіруге арналған жабдықтар жиынтығы кіреді, оның ішінде: микробиологиялық планшетті фотометр-талдаушы, қалақты гомогенизатор, ауаны биологиялық талдауға арналған жабдық, микроанаэростат, психометриялық гигрометр, магниттік араластырғыш, зерттеулердің кең спектріне арналған жоғары сапалы микроскоптар жиынтығы, сондай-ақ қосалқы жабдықтар мен құрал-саймандардың бірталай тізімі.

Аталған кешендер Қазақстан Республикасының түрлі өңірлерінде сальмонеллез, шигеллез, менингит, көкжөтел және басқа да инфекциялық аурулардың даму ошақтарының алдын алу барысында, далалық зертханалық диагностиканы сапалы қамтамасыз ете отырып, пайдаланылуда.

САПАНЫ СЕРТИФИКАТТАУ
САПАНЫ СЕРТИФИКАТТАУ
Барлық техника Еуроодақтың MDD 93\42 EEC директивасына сай ISO 9001–2008, ISO 13485 стандарттары бойынша сертификатталған.
ЖЕКЕ ӨНДІРІС
ЖЕКЕ ӨНДІРІС
Жұмыстардың толық циклі — идеяның туындауынан және әзірлеуден, өндіруге, жеткізуге және сервиске дейін орындаймыз.
СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Жеке жабдықтарымыздың барлық түрлеріне, сонымен қатар импорттық жабдықтардың кең спектріне кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуді жүзеге асырамыз.

Қоңырауды сұрау