XI Еуразиялық радиология конгресі
2025 жылғы 26-28 маусым аралығында Астана қаласында Қазақстан радиологтар қоғамының ұйымдастыруымен XI Еуразиялық радиология конгресі өтті.
Іс-шараға радиология саласындағы алыс және жақын шетелден келген 40 елдің ғалымдары, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерінен сәулелік диагностика саласының мамандары, медициналық жоғары оқу орындарының сәулелік диагностика және сәулелік терапия кафедраларының меңгерушілері, ғылыми орталықтардың сәулелік диагностика бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Форум жұмысына бірқатар ірі халықаралық ұйымдар қосылады: Еуропалық радиологтар мектебі, Азия-Тынық мұхиты радиологтар мектебі, Азия-Тынық мұхиты радиологтар қоғамы, Ресей радиологтар қоғамы, Корея және Тайвань радиологтар қоғамдары, МАГАТЭ, Жапония радиология қоғамы, Халықаралық рентген зертханашылары мен рентген технологтар қоғамы, Медицинадағы қазақстандық ультра дыбыстық диагностика мамандарының қауымдастығы, Беларусь радиологтар қоғамы.
XI Еуразиялық радиология конгресінің ұйымдастырушылары:
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі,
- Академик Ж.Х. Хамзабаев атындағы Радиология ғылыми-зерттеу институты,
- «Астана медицина университеті» КеАҚ,
- «University Medical Center» корпоративтік қоры,
- «Қазақстан радиологтар қоғамы» РҚБ.
«Ақтөберентген» акционерлік қоғамы конгресс аясында ұйымдастырылған көрмеге қатысып, Маммокар мобильді маммографиялық кешені мен ARMAN 5 жылжымалы рентген аппаратының жаңа әзірленулерімен таныстырды
https://amu.edu.kz