Компания жаңалықтары

07.11.2025

KIHE 2025 және PHARMATECH KAZAKHSTAN 2025

Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматы қаласында денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы ірі салалық көрмелер өтті: Қазақстандық халықаралық 30-шы мерейтойлық KIHE 2025 «Денсаулық сақтау» көрмесі және Қазақстандық халықаралық 2-ші PHARMATECH KAZAKHSTAN 2025 «Фармацевтикалық өнеркәсіпке арналған жабдықтар, шикізат және технологиялар» көрмесі.

Көрмелердің біріктірілген экспозициясы «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығының үш бірдей павильонын қамтыды. Алдыңғы қатарлы медициналық, зертханалық, диагностикалық және оңалту жабдықтарынан бастап, заманауи дәрілік заттар, медициналық шығын материалдары, медициналық мақсаттағы бұйымдар, хирургиялық құралдар мен медициналық қызметтерге дейінгі соңғы технологиялар мен әзірлемелерді Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Мысыр, Үндістан, Италия, Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Польша, Ресей, Сингапур, Түркия, Украина және Өзбекстан сияқты 16 елден келген 400 компания таныстырды. Германия, Қытай және Өзбекстан елдерінің өндірушілері ұлттық стендтерімен қатысты. Ресей, Польша және Беларусь экспорттық орталықтары ұжымдық стендтерін ұсынды.

«Ақтөберентген» акционерлік қоғамы көрмелерге қатысып, көшедегі экспозиция аясында Маммокар мобильді маммографиялық кешені мен ARMAN 5 жылжымалы рентген аппаратының жаңа әзірленулерімен таныстырды.

 

Көрмелер дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының, «СК-Фармация» ЖШС, Қазақстандағы халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының, «Алматы қаласының медициналық туризм қауымдастығы» ЗТБ, Еуразиялық медициналық қауымдастықтың, ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының, ҚР Анестезиологтар мен реаниматологтар қазақ қоғамының (АРҚҚ ҚҰ) және Қазақ нейромодуляция қоғамының қолдауымен өтті.

 

       
Барлық жаңалықтар