Компания жаңалықтары

19.04.2024

Денсаулық сақтау министрлігінде фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту перспективалары талқыланды

«Актюбрентген» АҚ басшылығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің төрағалығымен өткен кеңеске қатысты.

Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту перспективалары отандық дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды өндірушілердің, кәсіби ассоциациялардың, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Денсаулық сақтау министрлігінің жанында өткен кеңесте қарастырылды.

«Мемлекет басшысы фармацевтикалық нарықтағы отандық дәрілік заттардың үлесін 50% дейін  арттыруды тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігі отандық өндірушілерге қазақстандық дәрі-дәрмектердің сапасын, қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету жағдайында өндіріс күштерін дамытуға және қазақстандық медициналық өнімдердің экспорттық әлеуетін арттыруға жәрдем көрсетеді. Азаматтардың өмір сүру сапасы және жалпы ұлт денсаулығы осыған байланысты екенін есте ұстаған жөн», — деп атап өтті министр Ақмарал Әлназарова.

Мәжіліс барысында отандық компаниялардан тауар сатып алу тәртібіне өзгеріс енгізу, Қазақстан өндірісіне қажетті стратегиялық маңызды дәрілік заттардың тізбесін айқындау, тауар өндірушілермен келісім-шарттарды тексеру, фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны әзірлеу сияқты бірқатар шараларды жүзеге асыру белгіленді.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты сапалы және қолжетімді дәрілік заттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Қазақстанның фармацевтика саласын жаңа даму деңгейіне бірлесіп ілгерілету үшін барлық мүдделі тараптарды ынтымақтастыққа шақырды.

 

Screenshot

Барлық жаңалықтар