Біздің өнімдер

Визуализация жүйесі бар 12L7 Arman-цифрлық флэт-панельді

Бұл модель аурухана бөлмелерінде, сондай-ақ далалық экспедициялық және басқа да стационарсыз жағдайларда тасымалдауға келмейтін науқастардың ішкі ағзаларына рентген жасауға арналған.

Тапсырыс беру
Сипаттамасы
Сипаттамалары

Жарақаттарды диагностикалау үшін жедел медициналық көмек көрсетуде тиімді. Қабылдағыштың аналогтық және цифрлық нұсқасында түсірілімдер шығаруға мүмкіндік береді.

Бөлшектенетін тік бағанмен, сымға жалғанулы басқару батырмасымен, қосымша инфрақызыл қашықтықтан жоғары кернеуді қосу батырмасымен, әмбебап мақсаттағы және анодтық кернеуі реттелетін түтікшемен адам ағзаларының рентгендік диагностикалық түсірілімдерін, сондай-ақ дентальды рентген түсірілімдерін шығаруға арналған.

Тегіс жазық детекторды қолдану аппараттың мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді, вирустық пневмонияны және тыныс алу жүйесінің басқа ауруларын оңай анықтауға мүмкіндік береді.

— Қозғалтуға оңай (бөлме ішінде, дәлізде және лифті арқылы тасымалдағанда жеңіл қозғалады; табалдырықтан оңай өтеді; желіге оңай қосылады);

— Моноблок емделушіге қатысты жеңіл және жылдам орналастырылады (штативтің элементтері жеңіл жүреді);

— Микропроцессорлық басқару және жоғары жиілікті генератор төмен мөлшерлі сәулелеумен жылдам рентгенографиялық зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді;

— Негізгі артықшылығының бірі — аппараттың 50 кг-нан аспайтын салмағы.

Аппаратты рентгендік бейнені цифрлық визуалдау жүйесімен жиынтықтауға болады. Бейнелеу жүйесінің программалық жасақтамасы емделушінің картасын толтыруға және цифрлық файлды архивке жіберуге мүмкіндік береді.

 

Қуат беру құрылғысының параметрлері:
— қоректендіру құрылғысының қуаты, кВт

3
  — жоғары кернеуді қалыптастыру жиілігі, кГц 100
 — электр қуатының ауқымы, мАс 1-150
  — кернеудің өзгеру диапазоны, кВ 40-120
Түсірілім уақыты:
— үлкен фокуста, сек.
 

0.1-10

— кіші фокуста, сек. 0.15-4.0
Органавтоматика программасының саны (баз. / шешілуімен) 60/760
Көлік жағдайынан түсірілім жүргізуге дайындық уақыты (мин.) 5
Моноблоктағы рентген түтікшесінің параметрлері:
— кіші фокустың мөлшері, мм
 

0.5 x 0.5

— үлкен фокустың мөлшері, мм 1.5 x 1.5
Түсірілімді алу тәсілі Үлдір арқылы
Пайдалану шарттары — желі кернеуі, В
— желі кернеуі, В
Бір фазалы желі 220 (±10%)
— жиілігі, Гц 50(±1)
— желінің кедергісі, Ом, артық емес. 1
Жинақтылығы: негізі, басқару пульті, диафрагмалы моноблок, штативі, түсірілімдер батырмасы, кабельдер жинағы.
Аппараттың салмағы, артық емес 50 кг

 

Медициналық қызметшіні артық сәуледен қорғау ең маңызды фактор болып табылады. Дәрігердің қауіпсіз қашықтықтан түсірілім жүргізуіне мүмкіндік беретін құрылғыда қашықтықтан басқару батырмасы қарастырылған. Органавтоматиканың 760 программасы осы аппаратпен түсінікті және жедел жұмыс жасауды қамтамасыз етеді.

САПАНЫ СЕРТИФИКАТТАУ
САПАНЫ СЕРТИФИКАТТАУ
Барлық техника Еуроодақтың MDD 93\42 EEC директивасына сай ISO 9001–2008, ISO 13485 стандарттары бойынша сертификатталған.
ЖЕКЕ ӨНДІРІС
ЖЕКЕ ӨНДІРІС
Жұмыстардың толық циклі — идеяның туындауынан және әзірлеуден, өндіруге, жеткізуге және сервиске дейін орындаймыз.
СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Жеке жабдықтарымыздың барлық түрлеріне, сонымен қатар импорттық жабдықтардың кең спектріне кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуді жүзеге асырамыз.

Қоңырауды сұрау