Біздің өнімдер

Маммографиялық жылжымалы әмбебап МАММОКАР-У рентгендік кешені

Маммографиялық жылжымалы әмбебап рентгендік кешен — ауылдық жерлерде, елдің шалғай және қатынасу қиын аудандарында, сондай-ақ қалалар мен елді мекендерде кәсіпорындар мен ұйымдарға шығып, әйелдерге жаппай рентгенография және мамандандырылған тексеру жүргізуге таптырмайтын құрал. Кешен жүк автокөлігінің шассиіне орнатылған шанақ-фургоннан және толық керек-жарағы бар маммографиялық рентгендік аппараттан тұрады.

Тапсырыс беру
Сипаттамасы
Сипаттамалары

Мобилділігі

Маммокар-У жылжымалы медициналық кешендерінің қала жағдайларында және ауылдық жерлерде, қара жолдармен және қиыршық таспен жабылған жолдармен жақсы жүруіне кепілдік беріледі.

Қосымша

Жылжымалы кешен санитарлық-гигиеналық бөлікпен жабдықталған, оның ішінде қолжуғыш, су жинақтауыш, су жылытқыш, электр сорғылары, сабын мөлшерлегіші, қоқысқа арналған контейнерлер бар.

Дербестігі

Жылжымалы кешен электрлік жабдықтау жүйелерімен, сұйықтық жылытқышпен, ауаны алдын ала тазарту арқылы сорып-шығару желдеткіш жүйесімен, ауа баптау жүйесімен жабдықталған. Маммокар-У қысқы және жазғы мезгілде қоршаған ауаның төмен және жоғары температуралары кезінде қолайлы жұмыс жағдайларын қамтамасыз етеді.

Кешен опциясына қарай дигитайзермен (цифрландыру құрылғысымен) жабдықталуы мүмкін, ол өз алдына бағасы жоғары емес цифрлық диагностикалық процедуралардың толық спектрін жүргізуге мүмкіндік береді.

Тапсырыс берушінің қажеттіліктері бойынша бұл кешен әртүрлі автокөлік шассилерінің базасында: тіркемелердің, т/ж вагондарының, теңіз кемелерінің, шассисіз, жол талғамайтын КАМАЗ көліктерінің (дөңгелегінің формулалары 6×6, 4×4, 4×2), сондай-ақ қала жағдайлары мен орташа жолсыз жағдайлар үшін жұмсақ аспасы бар HYUNDAI шассиінің базасында сатылуы мүмкін. Автокөлік шассиі мен қосымша жабдықтардың кең таңдауы Тапсырыс берушінің қажеттіліктеріне сәйкес келетін оңтайлы конфигурацияны таңдауға мүмкіндік береді.

Шанақ-фургонның көлемі (сыртқы):
Ұзындығы, мм, кем емес 5050
Ені, мм, кем емес: 2500
Биіктігі, мм, кем емес: 2300
Рұқсат етілген температураның ауқымы, град.: -30˚-тан

+40-қа дейін ˚

САПАНЫ СЕРТИФИКАТТАУ
САПАНЫ СЕРТИФИКАТТАУ
Барлық техника Еуроодақтың MDD 93\42 EEC директивасына сай ISO 9001–2008, ISO 13485 стандарттары бойынша сертификатталған.
ЖЕКЕ ӨНДІРІС
ЖЕКЕ ӨНДІРІС
Жұмыстардың толық циклі — идеяның туындауынан және әзірлеуден, өндіруге, жеткізуге және сервиске дейін орындаймыз.
СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Жеке жабдықтарымыздың барлық түрлеріне, сонымен қатар импорттық жабдықтардың кең спектріне кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсетуді жүзеге асырамыз.

Қоңырауды сұрау