Our Products KZ

Флюорографиялық цифрлық КРФ-112 «Флюкар» рентгендік кешені

Флюорографиялық КРФ-112 ФЛЮКАР рентгендік кешені – бұл жайлы, барлық заманауи талаптарға жауап беретін авто көлік шассиінің базасындағы шанақ-фургонға орнатылған дәрігер – рентгенологтарға жақсы таныс флюорографиялық цифрлық 12ФК1 ФЛЮАРКОМ рентген аппараты.

Order KZ
Description KZ
Characteristics

Емделушінің тұрған қалпында кеуде қуысының флюорографиясын жүргізуге арналған. Ауылдық жерлерде, елдің шалғай және қатынасу қиын аудандарында, сондай-ақ қалалар мен елді мекендерде кәсіпорындар мен ұйымдарға барып тексеру жүргізу үшін оңтайлы шешім.

Дәрігер – рентгенологтар кешенді пайдаланудың ыңғайлылығы мен тиімділігін, заманауи және эргономикалық интерьерін өте жақсы бағалады. Ауаны баптау, екі жылыту жүйесі және сумен жабдықтау жүйесі өте суық климаттық жағдайларда да қызмет көрсетушілер мен емделушілердің жұмыс жасауына қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді, сол себепті КРФ-112 кешені жылдың кез келген мезгілінде сапалы медициналық қызмет көрсету үшін таптырмас құрал болып табылады.

Шанақ-фургонның көлемдері (сыртқы):
  Ұзындығы, мм, артық емес 6000
  Ені, мм, артық емес 2500
  Биіктігі, мм, артық емес 2550
Рұқсат етілген температураның ауқымы, град.: от -30˚ до +40 ˚

 

Әскери модификацияларының өте жоғары өтімділігі себебінен, кешендердің еліміздегі көптеген күш құрылымдарының медициналық бөлімдерінен табылуы көптеген жылдар бойы сенімділігі мен дала жағдайларында жұмыс жасау қабілетін дәлелдейді. Кешендер электрлік генератормен және автономды сұйықтық жылыту жүйесімен қосымша жабдықталған, сондықтан КРФ-112 жергілікті жерде инфрақұрылымнан мүлдем тәуелсіз жұмыс істейді.

 

Тапсырыс берушінің қажеттіліктері бойынша бұл кешен әртүрлі автокөлік шассилерінің базасында: тіркемелердің, т/ж вагондарының, теңіз кемелерінің, шассисіз, жол талғамайтын КАМАЗ көліктерінің (дөңгелегінің формулалары 6×6, 4×4, 4×2), сондай-ақ қала жағдайлары мен орташа жолсыз жағдайлар үшін жұмсақ аспасы бар HYUNDAI шассиінің базасында сатылуы мүмкін. Автокөлік шассиі мен қосымша жабдықтардың кең таңдауы Тапсырыс берушінің қажеттіліктеріне сәйкес келетін оңтайлы конфигурацияны таңдауға мүмкіндік береді.

 

Кешеннің айрықша ерекшеліктері:

Жоғары кеңістіктік шешілуі емделушінің зерттелетін органы бойынша толық ақпаратты бірден береді;

Дәріген-рентгенологтың жұмыс істеуі үшін барынша қолайлы жағдай жасалған;

Емделушіге берілетін жүктемелердің мөлшері төмен;

Халықты жаппай тексеру кезінде флюорография режімінде үздіксіз жұмыс істеу мүмкіндігі;

Емделуші үшін тексеру процедурасының жайлылығы;

Кабинаның жоғары рентген қорғаныштық қасиеттері;

Қызметшілерге үлдірді кептіру, сұрыптау рентгендік түсірілімдерді сақтау бойынша қосымша жұмыстар орындау қажет емес.

СЕРТИФИКАЦИЯ КАЧЕСТВА KZ
СЕРТИФИКАЦИЯ КАЧЕСТВА KZ
Вся техника сертифицирована по стандартам ISO 9001–2008, ISO 13485, согласно директиве MDD 93\42 EEC Евросоюза.
СОБСТВЕННОЕ ПРОИЗВОДСТВО KZ
СОБСТВЕННОЕ ПРОИЗВОДСТВО KZ
Выполняем полный цикл работ — от возникновения идеи и разработки до производства, поставки и сервиса.
СЕРВИСНЫЙ ОБСЛУЖИВАНИЕ KZ
СЕРВИСНЫЙ ОБСЛУЖИВАНИЕ KZ
Осуществляем гарантийное и постгарантийное обслуживание всех видов собственного оборудования, а также широкого спектра импортного.

СВЯЖИТЕСЬ С НАМИ

Оставьте заявку

Нажимая кнопку «Отправить» и «Заказать звонок», вы даете согласие на обработку ваших персональных данных.

или ответим на ваши вопросы
по телефону:
+ 7 (7132) 92 12 30
Order a call