Цифрлық визуалдау жүйесі бар маммографиялық «AR-Mammo» рентгендік аппараты
Онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау мақсатында сүт бездеріне рентгенографиялық зерттеу жүргізуге арналған.
Екі өлшемді рентген бейнесін алу үшін цифрлық технология (медициналық радиологиялық маммографиялық бейнелерді алуға, өңдеуге, мұрағаттауға және беруге арналған цифрлық жүйе) немесе үлдір технологиясы пайдаланылады. Экспозицияның техникалық шарттары тканьдердің орташа тығыздығымен, сондай-ақ қысу астындағы сүт бездері тканінің көлемімен және қалыңдығымен анықталады.
Кең таңдаулы опциясы бар модульдік құрылымы жаппай скрининг пен күрделі диагностикалық процедуралар жасауға оңтайландырылған.
Басымдылығы:
– Экспозицияны автобақылау жүйесі икемді;
– Дигрессивті қысу (Ar-Mammo аппаратының сүт безі тығыздығының әр түрін оңтайлы қысу үшін жылдамдық режімдерінің жиынтығынан тұратын ең жақсы механизмі бар);
– Жоғары жылдамдықты екі бұрышты айналмалы анод. Анодтың айналу жылдамдығы-9700 айн/мин;
– Фокустық нүктесі 0,1/0,3 мм; 300 000 HU
– Ауа және май арқылы салқындату. Микропроцессормен бақыланатын түтікше жүктемесінің тұрақты мониторингі түтікшені шамадан тыс жүктемелерден қорғайды;
– Сәулелеуі төмен мөлшерлі;
– Фокустық ұзындығы-65 см;
– Пайдаланушыға ыңғайлы екі басқару панелі: сол және оң;
– Жылдам және жайлы қозғалу үшін кронштейннің айналу механизмі жақсартылған;
– Кронштейннің еңкею бұрышы -135-тен +180-ге дейін;
– Кассетаны автоматты түрде жүктеуге және шығаруға жеңіл және оңай қолданылатын Баки автоматты жүктеу торы;
– Жақсы контрастылық пен шешілулік үшін арнайы жасалған тор. Микропроцессордың арқасында сантиметріне 36 сызықтан дәл қозғалуы; тордың қатынасы-5 : 1
– Түсірілімнен кейін жарықтандыруы бар радиациялық өрістің көлемін реттейтін механикаландырылған сәуленің ағыны.
– Шағын көлемді және салмағы жеңіл;
– Дизайны эргономикалық және пациент үшін ыңғайлы.