News company KZ

26.05.2023

«VIEWAR» ЦИФРЛЫҚ БЕЙНЕЛЕУ ЖҮЙЕСІ

«ViewAR» рентгендік бейнені цифрлық визуалдау жүйесі аурухана палаталары, травматологиялық пункттер жағдайында жоғары шешулікті рентгендік бейнелерді алуға арналған. ViewAR адам анатомиясының жалпы рентген графикалық диагностикасын қамтамасыз ететін цифрлық визуалдау шешімі ретінде жасалған.

Бұл құрылғы жалпы қолданыстағы барлық диагностикалық процедураларда үлдірге немесе экранға негізделген рентген графиялық жүйелерді ауыстыруға арналған.

Цифлық визуалдау жүйесі келесілерді қамтиды:

  • «флэт-панель» типті жазық панельді детектор;
  • компьютер (саны тұтынушының тапсырысы бойынша) 3 жұмыс орнына арналған жиынтығымен жеткізіледі;
  • флэт-панельге арналған баған;
  • принтер.

Цифлық визуалдау жүйесі мүмкіндік береді:

– кез келген зерттеулер жүргізу үшін жеткілікті көлемі 43х43 см толық форматты бейнелерді жүзеге асыруға;

– жоғары кванттық тиімділігінің арқасында қызметші мен емделушіге ең аз сәулелік жүктеме түсіре отырып, сапалы бейне алуға;

– матрицаның жылдам әсері, жақсы шешулігі және кадр жиілігі арқасында әмбебаптыққа қол жеткізуге;

– геометриялық бұрмалануларды болдырмауға;

– рентгендік жабдықтың барлық кеңістіктік мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік беретін аз орын алуы (флэт-панельдің көлеміне байланысты);

– озық термиялық басып шығару технологияларының арқасында жоғары сапалы бейнелерді басып шығаруға;

– зерттеу үшін ыңғайлы орналасуды қамтамасыз ететін флэт панельді бағанның көмегімен жылжытуға ыңғайлы.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасындағы бірден-бір жоғары технологиялық рентгендік диагностикалық жабдық өндіруші «Актюбрентген» АҚ өзінің 80-жылдық мерейтойын атап өтуде.

80 жыл ішінде орасан зор тәжірибе жинақталды, көптеген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді. Кәсіпорынның өзіндік ерекше тарихы бар.

 

 

All news