News company KZ

15.08.2023

«Актюбрентген» АҚ International Mediation Centre медалімен марапатталды

«Актюбрентген» АҚ құрылған күнінен бастап іс-әрекет барысында туындайтын дау мәселелерін серіктестермен де, мемлекеттік органдармен де бейбіт реттеу саясатын ұстанады. 2011 жылы Қазақстан Республикасының Медиация туралы Заңы күшіне енген сәттен бастап кәсіпорын медиация әдістерін белсенді қолданады.

«Актюбрентген» АҚ 2018 жылдан бастап дау мен жанжалды реттеу мақсатында International Mediation Сentre орталығымен ынтымақтастықта жұмыс істейді.

2022 жылы «Актюбрентген» АҚ атқарушы директоры Махмутов Марс Қожаниязұлы атынан бизнестегі Медиация идеяларын ілгерілету барысында қосқан үлесі үшін алғыс хат пен медальға ие болды.

Медиация он бір жыл ішінде сотқа дау мен жанжалды шешудің альтернативті тәсілін түсінуге мүмкіндік бере отырып, қоғамның дамуына айтарлықтай үлес қосты.

 

 
All news