17-19 мамырда 28-ші Қазақстандық халықаралық «Денсаулық сақтау» KIHE-2023 көрмесі өтті

KIHE – Қазақстандық халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесі Орталық Азиядағы ғылыми және практикалық медицина мен фармацевтика саласындағы жетістіктердің ең ірі демонстрациялық алаңы болып, жыл сайын түрлі мамандықтағы дәрігерлерді, фармацевтерді, түрлі елдердің билік және бизнес өкілдерінің басын қосады.
Көрмеге 17 елден – Қазақстан, Беларусь, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Египет, Италия, Иордания, Қытай, Латвия, Пәкістан, Ресей, АҚШ, Франция, Чехия, Өзбекстан, Оңтүстік Кореядан 300-ден астам компания қатысты.
Халықаралық көрмеге қатысушылардың көпшілік құрамы қазақстандық нарықтың маңыздылығын айғақтайтын айрықша факт болып табылады. 2023 жылы көрмеге қатысушылардың жалпы санының 55% халықаралық компанияларға тиесілі. Бұл әлемдік жетекші медициналық жабдықтар мен инновациялық шешімдерді өндірушілер мен жеткізушілердің қазақстандық нарықта өзінің іскерлік мүмкіндіктерін кеңейтуге деген қызығушылығы мен ұмтылысын растайды.
«Актюбрентген» акционерлік қоғамы бұл көрмеге көше экспозициясымен қатысып, өз өндірісінің жабдықтарын көрсетті: маммографиялық «Маммокар-У» КАРМ-У жылжымалы рентгендік кешені, флюорографиялық цифрлық КРФ-112 «Флюкар» жылжымалы рентгендік кешені және палаталық «Арман-32» жылжымалы аппараты.


